Қаз| Рус| Eng


Компанияда жұмыс

“Еңбексүйгіштік – бизнестің жан-тәні және өркендеудің негізі”
Чарльз Диккенс

IT-компанияда жұмыс істеу дегеніміз баламалы әлемде жұмыс ету!

untitled9

«Әрбіреудің әлемі бөлек..» деген белгілі сөздерді еске түсіре отырып, НАТ Қазақстан Әлемі – бұл сенім, өзара құрмет пен тілектестікке негізделетін ерекше микроклиматы бар, әрбір қызметкер өзін ыңғайлы сезінетін және жұмыс зор қанағаттанушылық сезімін беретін кеңістік деп айтуға болады.

«Біздің Әлемімізді» алуан түрлі адамдар: байсалды және ақ көңіл, кішіпейіл және қатал адамдар мекендейді, бірақ оларды Наттық ететін, яғни әлеуметтік жағынан белсенді және шығармашылыққа бағышталған, өмірдің әр мезетін компаниямен бірге сүретін және осы қызықты әлем БІЗГЕ ұсынатын барлық нәрселерге еліктеген адам ететін қасиеттер де бар.
Біздің қызметкерлеріміздің қызығушылықтары мен құштарлықтары да әр түрлі және көп қырлы – гүлдерді өсіруден бастап, парапланмен ұшуға дейін, қызбалы спорт жарыстарынан бастап, жігері мен қимыл бірлігімен таң қалдыратын латын америкалық билерге дейін.

Біздің компаниямызды көшбасшы ететін не нәрсе?untitled21

Бір топ ретінде жұмыс істейтін білікті әрі уәжделген қызметкерлер.

Мұндай топта жаңа техникалық шешімдер мен идеялар жарық көреді, басшылар да, мамандар да өздерін жеңіл және жайлы сезінеді. Сені түсінеді, және ел үшін қажетті әрі маңызды жұмысты атқара отырып, өз мақсаттарына жету деген ынтаңды мадақтайды.

НАТ тобының бір бөлігі болу дегеніміз:

Клиенттердің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерді: бірегей шешімдерді, жұмыс әдістері мен тәсілдерін таба білу және осыған ықыластану.
Жоғары топтық және жеке мақсаттарды қойып, оларға жету.
Оптимизм және сенім ахуалын, табысқа жету тілегін қолдап тұру.

untitled31

Компания жетістігі - әрбір қызметкердің жеке жетістігінің ажырағысыз бөлігі екендігіне сенімдіміз!









Кездейсоқ даналық: “Мен әлемді өзгертер едім, бірақ Құдай исходниктерді бермейді…”


Print This Page