Қаз| Рус| Eng


Энергетика

«ҚЭЖ»Ақпараттық жүйесі

d0b8d181-d0b3d18dd1811

Міндеті
«ҚЭЖ» ақпараттық жүйесінің негізгі бағыты электр энергиясының тұтынуының есеп үрдістерінің автаматтандырылуы, тұтынудан түсетін кірістерге бақылау жүргізу, мониторинг, жүйеде жинақталған ақпараттың негізінде мекеме жұмыстарының сарапталуы мен жоспарлануы болып табылады.

Мақсаты
Шығындарды төмендету және қала тұтынушылырын электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенінің жүргізілуі мен әзірлеуінің жеделдігін арттыру, сонымен қатар электр энергиясының қамтамасыз етуіне кедергі болатын кездейсоқ жағдайлардың алдын алу.

Негізгі міндеттер
• Тұтынушылар жөніндегі ақпаратты енгізу мен өзгерту;
• Есеп объектілері мен құрылғылары, нүктелері жөніндегі ақпаратты енгізу мен өзгерту;
• Ғимарат жасақтарын құру;
• Есеп құрылғыларының көрсеткіштерін енгізу;
• ЭЭПЕ бұзу актілері бойынша ақпарат енгізу, зерттеу, қосу/сөндіру;
• Тұтынылған электр энергия көлемінің есебін жасау, электр энергиясын пайдалану ережелерін бұзу актілері бойынша есеп жасау, жөндеулер енгізу;
• Әрбір есеп нүктесі бойынша және жалпы есеп объектілері бойынша электр тұтыну балансын құру;
• Шығыс ақпараттарды жүйелендіру (есеп);
• Әрбір есеп объектісі бойынша және жалпы есеп объектілері бойынша шығарылған тұтыну көлемінің тарификациясын жасау;
• Алдын ала төлемдерге есепшот жасау, есеп қондырғылары бойынша, сонымен қатар келісім арқылы жасалған жүктеу бойынша пайдаланған энергоресурстарға есепшот жасау;
• Кірген төлемдарді енгізу.

Артықшылықтар
• Ғимарат жасақтарын құру және бақылау жасау;
• ЭЭПЕ бұзу актілерін жасау, актілер реестрін құру, ЭЭПЕ бұзуы үшін салынатын айыппұл көлемін есептеу мен абонентке берілетін қарыз сомасы жөніндегі ескертулерді басып шығару;
• Бөліп төлеу және кейінге шегеру мүмкіндігімен ережелерді бұзу айыппұлдарының төлеміне бақылау жасау, қарызды өтеу кестесін жасау және т.б.;
• Абоненттерге ескерту жазу мүмкіндігімен бақылау актілерін жасау;
• Бұзулышық айыппұлын төлемегені үшін, сонымен қатар бақылау актісіндегі ескертулердің орындамағаны үшін сөндіруге тұрған абоненттер реестрін құру мүмкіндігі;
• Пломба реестрімен жұмыс істеуге толық мүмкіндік берілген (сақтау, шығару, кері қайтару, құру/кері алу, есептен шығару );
• Әрбір абонент үшін жүйеде электр энергияның тұтынылған көлемін есептеуге арналған күшті алгоритмі құрылған. Алгоритм автоматтық режимде қондырғылардың орнықтырылуы, керу алынуы, қондырғылардың арасында бос көлемдердің анықталуы, қуаты бойынша есеп, шарттық шығыстар, орташа тәуілік шығыс көрсеткіштерін ескере отырып, абоненттердің шығыстарын есептеуге мүмкіндік береді.
• Қалалық сақина құрылымын тиімді кесте түрінде құру мүмкіндігі;
• Қалалық сақина балансын құру;
• Қалалық сақина шығыстарын есептеу;
• Сараптама есептерін жасау мүмкіндігі.

Енгізу тәжірибесі
• „Қалалық электр желілері” АҚ Астана қ.

Автаматтандыру объектілері
• Автаматтандыру объектілері электр энергиясын тұтыну есептерін және транспортировкасын жүзеге асыратын мекемелер болып табылады.

Ақпраттық қатынастар кестесі

ЭҚМ – Энергиямен қамтамасыз ету мекемесі;
ҚЭЖ – Қалалық электр желілері.


Print This Page