Қаз| Рус| Eng


Мемлекеттік сала

Ақпараттық жүйелерді тапсырыс бойынша жасап шығару

Бүгінгі таңда көптеген компанияларда қазіргі заманғы нарықта бар ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдермен қанағаттандырыла алмайтын ерекше қажеттіліктері бар. «НАТ Қазақстан» АҚ - әрбір нақты Тапсырысшының қажеттіліктеріне бейімделген бірлескен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және жобалау бойынша толық қызметтер кешенін көрсетеді – бағдарламалық жабдықтауды жасап шығарып, ендіруден, жабдықтарды жеткізіп беруден бастап, кейін сервистік қызмет көрсетуге дейін.

«НАТ Қазақстан» АҚ барлық дерлік салалардағы кәсіпорындармен жұмыс істейді және Тапсырысшының қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды алдыңғы қатарлы басқарушылық және ақпараттық технологияларды ендіру арқылы жүзеге асырады.

Орасан зор тәжірибелері бар кәсіпқойлар тобы сіздің қажеттіліктеріңізді талдап, ең қолайлы шешімді тауып береді де, оны сіздің ұйымыңыздағы жағдайларға барынша сәйкес келетіндей жүзеге асырып береді.

Біздің компаниямыздың жемісті қызметінің факторларының бірі болып клиенттеріміздің үміттеріне сәйкес, кез келген ауқымдағы және кез келген күрделі жобаларды жүзеге асыра алуы табылады.
Біздің клиенттерімізбен ынтымақтастық ұзақ мерзімді серіктестік пен өзара сенімге негізделген.

Қолданылатын бағдарламалық жабдықтауға бейімделудің керегі жоқ — ол сізге бейімделсін!


Print This Page