Әлеуметтік жауапкершілік
Қазіргі бизнес жақсылық пен әділеттілік, өзара көмек пен қайырымдылық бағаланбайтын жерде ойдағыдай дами алмайды. Сол себепті «НАТ Қазақстан» компания қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.
«НАТ Қазақстан» АҚ әлеуметтік жауапты компания болып табылады және көптеген жылдар бойы елімізде әлеуметтік саланы дамыту мен қолдауда, сондай-ақ қайырымдылық және демеушілік акцияларында белсенді қатысады. Дәл осы жұмыстың басты белгісі халықтың әлсіз қорғалған тобына мақсаттық көмек көрсету болып табылады.
Қайырымдылық және демеушілік акцияларының негізгі объектілері білім беру мекемелері, муниципалды білім беру, ғылымдар, діни ұйымдары болып табылады.
Компания көптеген жылдар бойы өз қызметі барысында дәстүрге айналған қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрады.
Олардың ішіндегі аса маңыздылары:
- Құрбан айт мерекесі құрметіне «НАТ Қазақстан» АҚ компаниясы Астаның орталық мешітіне қайырымдылық көмек көрсетті;
- «Қайырымдылық желі» акциясы шеңберінде Алматы қ. №8 мамандандырылған мектеп-интернаттың балалары үшін, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, психикалық дамуы артта қалған балаларға материалдық көмек көрсетілді;
- қайырымдылық көмек шеңберінде ММ «Астана қ. Балалардың Психиневралогиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне» комплектіде дербес компьютерлер берілген болатын;
- қайырымдылық акциясы шеңберінде «Қазақ соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны» ЖШС соқырлар қоғамының мүгедек балаларына жаңажылдық сыйлықтар берілді.
2009 жылы НАТ Қазақстан компаниясы мақсаты өз қызметкерлері, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ҚР жеке кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру болып табылатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысты.
НАТ Қазақстанның барлық демеушілік және қайырымдылық жобаларының өзгешелік белгісі қоғам алдында ИТ-бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы түсінікті жүзеге асыруға ұмтылу болып табылады.