Қызметкерлер біліктілігі туралы мәлімет
«Алтын жағалар» немесе оған жету үшін не істеу керек!
IT-технология әлемінің динамикасы кәсіптік білім мен машықтарды тұрақты түрде дамытып отыруды, қызметкерлердің коммуникативті, ұйымдастырушылық және басқа құзырлықтарын жетілдіруді және ең бастысы – компания мамандарының құзырлығы мен біліктілігін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құралдың болуын талап етуге өмірлік сипат тағады.

Осы құралдардың біреуі болып куәлік болып табылады.
Мамандарды бағалауда куәліктерді пайдалану қажеттілігі тапсырыс берушілердің компания өнімдері мен көрсететін қызметтерінің сапасына қоятын талаптардың жоғары деңгейімен және «НАТ Қазақстан» АҚ IT – компаниялар ортасында өзінің бәсекеге қабілеттігін үнемі көтеріп отыру қажеттілігімен түсіндіріледі.
Қазіргі таңда компанияда саны 18 асатын мамандар тобы жұмыс жасайды, олардың негізін әлемдік IT- индустриясының көшбасшыларымен куәландырылған мамандар құрайды.
Қазіргі таңда компанияда саны 18 асатын мамандар тобы жұмыс жасайды, олардың негізін әлемдік IT- индустриясының көшбасшыларымен куәландырылған мамандар құрайды.

Біздің мамандарға берілген куәліктер бұл ең алдымен топтық жұмыс жасау нәтижесі және қызметкерлердің компания және өзінің жетіліп дамуы үшін тиімді жұмыс атқарудағы күш-жігерінің нәтижесі болып табылады.
Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету шығарушыларының бағдарламалары бойынша қызметкерлердің міндетті куәлік алудан өтуі бізге және біздің клиенттерімізге қызметкерлеріміздің кәсіптілігіне және техникалық шешімдер сапасына күмәнданбауға мүмкіндік береді және бизнес жасаудағы шығындарды азайтады, компанияның қорытынды табыс көлеміне елеулі үлес қосады.
