Мансап
… немесе Қол жеткізілгенмен ғана шектеліп қалма!
Бизнестегі жетістіктерді бүгінгі таңда АДАМДАР және оларды басқара алу анықтайды, бұны біздің компания қызметкерлері жақсы түсінеді. Ұжымның біліктілігі, қабілеттері, еңбекқорлығы, бағалығы осының барлығы көптеген қолданушыларға қажетті өнімді жасап шығарады.
Біздің мамандар шешімін іздейтін міндеттер тек тар кәсіптік құзырлықтармен ғана шектелмейтін білім мен машықтар жиынын талап етеді. Бұл өз кезегіндебастамашылар мен тәжірибелі мамандар үшін жаңа кәсіптік және жеке даму сатысына аттауда жұмысты қызықты және шығармашылықты етеді, шығармашылық ізденіс пен өзара түсіністік, достық қолдау ортасында жоғары кәсіптік мектебінен өтуге мүмкіндік береді. Біздің компанияда қызметкерлердің көптеген кәсіптік жоспарлары олардың қандай ұмтылыстарға тырысып баққандарына қарамастан орындалады.
Кәсіптік және мансаптық өсудің жеңіл екенін кім айтты?
Әдеттегідей, бірақ оңай емес.
ӘДЕТТЕГІДЕЙ, себебі компанияда аттестациядан өту жүйесі қарастырылған, бұл жүйе әр қызметкердің тиімділігі мен кәсіптілігін анықтауға және айлық сыйақы көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
ӘДЕТТЕГІДЕЙ, себебі аттестация кәсіптік және шығармашылық тұрғыдан өсуге қосымша талпыныс тудырды, сонымен қатар ұжымда жылы жұмыс кеңістігін сақтауға ықпалын тигізді.
Компанияда кәсіптік дамудың айқын және тиімді жүйесі құрылған.
Компаниядағы мансаптық өсудің негізгі механизмі болып аттестация табылады.
«НАТ Казахстан» АҚ қызметкерлерінің біліктілігі санаттармен (барлығы 5 санат) анықталады.
Әр санатқа кәсіптік білімдер, машықтар, тәжірибе, корпоративті құзырлықтар және еңбекақы диапазоны сәйкес келеді. Әр қызметкер өзінің құзырлығын, білімін және тәжірибесін өзі анықтайды және оны аттестация арқылы растайды немесе растай алмаса алты айдан кейін қайта аттестациядан өтіп өзінің санатын арттыра алады.
Аттестация барысында қызметкерлер құзырлықтарының даму деңгейі сонымен қатар оынң тиімділігі анықталады, яғни – оған қойылған жұмыс мақсаттарыне қол жеткізілді ме. Қызметкерге аттестация кезінде берілген баға қызметкерге өзінің құндылығын арттырып, компания бизнесі үшін максималды тиіміділігін тигізуге қандай сапа мен машықтың жетіспейтіндігі анықталады.
ЖЕҢІЛ ЕМЕС, себебі, мансап сатысымен адымдау жылдамдығы мен «НАТ Казахстан» АҚ сыйақы алу көлемі тек СІЗГЕ ғана тәуелді, нақтырақ айтсақ:
өз өзіңізге деген сенімділікке, өз күшіңізге деген сеніміңіз бен кәсіпте нақты бір жетістікке жету ниетіңізге байланысты,
- корпоративті/топтық мақсаттарда күш-жігерді бағыттау мен оларға табандылықпен жете білу;
- тез оқып үйрену мен жаңа білімдерді игеру қабілетіне байланысты;
- Сіздің бастамаңыздан және әртүрлі адамдармен –жетекшілермен/әріптестермен/клиенттермен ұзақ мерзімдік серіктестік қатынастар құру қабілетіңіз;
- үнемі кәсіптік тұрғыдан жетіліп отыру қабілетіңіз, тәуелсіз жаңа білімдерді игеру және үнемі ізденісте болу;
- инновациямен оқып танысу және пайдалану ниетіңіз және жұмыс сапасын жақсару ықтиярыңыз;
- өз жетістіктеріңізбен ерекшелену шеберлігіңіз, сіздің жетістігіңізге баға беріліп олардың мойындалуына қол жеткізу;
- бастаған істі аяғына дейін белгіленген уақытта жеткізу қабілетіңіз;
- ауыртпалықтар, қателер мен сәтсіздіктермен күресе білу, оң тәжірибені анықтап теріс тәжірибені ескеру.
Сіздің ұмтылыстарыңыз бен талпыныстарыңызды нақты жетістіктерге жеткізу мүмкіндігі!
Кездейсоқ даналық: “Тышқаныңыз астында жаман иіс шықса, жуып қойыңыз не кілемшесін алып тастаңыз.”