Қаз| Рус| Eng


Инвесторлар мен акционерлерге

Астана қ. , 09.04.2010 ж.

«HAT Қазақстан» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам), Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналасының өтуі туралы хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Астана уақыты бойынша 2010 жылдың 15 мамырында сағат 11-30-да Қоғам Басқармасының (атқарушы орган) орналасқан жері бойынша келесі мекен-жайда өтеді: Астана қ., 1 шағын аудан, 19/1 үйі.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің қайта жылдық жалпы жиналысы 2010 жылдың 16 мамырында сағат 11-30-да келесі мекен-жайда өтеді: Астана қ., 1 шағын аудан, 19/1 үйі.
«НАТ Қазақстан» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «НАТ Қазақстан» АҚ Директорлар Кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады (26.03.2010 жылдан №66 хаттамасы).
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2010 жылдың 06 сәуірдегі жағдайы бойынша Қоғам Тіркеушісімен жасалды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. 2009 жылға Қоғам қызметі туралы есепті қарастыру туралы.
2. 2009 жылға «НАТ Қазақстан» АҚ жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3. Таза пайданы және дивиденд төлемдерін бөлу туралы.
4. 2010 жылға Қоғамның аудиторлық ұйымын анықтау туралы.
5. 2010-шы жылға Қоғам жоспарларының презентациясы.
6. Акционерлерге ақпаратты жеткізу үшін «НАТ Қазақстан» АҚ ресми сайтын анықтау бөлігінде, «НАТ Қазақстан» АҚ Жарғысының 21-бап 2-тармағына өзгертулер енгізу туралы.
7. Резервтік капиталды қалыптастыру туралы.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналасының қатысушыларын тіркеу 2010 жылдың 15 мамырында сағат 11-00-де басталады.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің материалдарымен танысып және/немесе Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің материалдарын Қоғам акционерлері келесі мекен-жай бойынша алуына болады: Астана қ., 1 шағын ауданы, 19/1 үйі, «НАТ Қазақстан» АҚ ғимараты. Байланыс тұлғасы: Сауле Жумабаева, тел.(7172) 730-124.

Астана қ., 25.11.2009 ж.

«НАТ Казахстан» АҚ «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен ірі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды. (25.11.2009 жылдан №63 Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы негіз болып табылады). Қызығушылық білдірген тұлғалар келесі телефон +7 7172 730 100 арқылы байланыса алады.

Астана қ., 29.07.2009 ж.

«HAT Қазақстан» акционерлік қоғамы (әрі қарай – Қоғам) Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2009 жылдың 5 қыркүйегінде Астана уақытына сәйкес сағат 11.30 минутта Қоғам Басқармасы орналасқан жері, Астана қ., 1-ші ықшамаудан, үй 19/1 мекенжайы бойынша өткізіледі.
Кворум жоқ болған жағдайда, акционерлердің қайта Жылдық жалпы жиналысы 2009 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 11.30 минутта Астана қ., 1-ші ықшамаудан, үй 19/1 мекенжайы бойынша өткізілетін болады.

«НАТ Қазақстан» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «НАТ Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылады (Хаттама №57, 21.07.2009 ж).
Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысына қатысып, онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі Қоғамның Тіркеушісімен 2009 жылдың 21 шілдесіндегі жағдайға сәйкес жасалған.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. Қоғамның 2008 жыл ішіндегі қызметі туралы есепті қарастыру.
2. «НАТ Қазақстан» АҚ 2008 жыл үшін жылдық қаржылық есептемесін бекіту туралы.
3. Таза табысты үлестіру және үлесақыларды төлеу туралы.
4. Аудиторлық ұйымды белгілеу туралы.
5. Қоғамның 2009 жылға арналған жоспарларын қарастыру туралы.
6. Директорлар кеңесі құрамынан А.Ю.Чикиткинді шығару туралы.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысына қатысушылардың тіркелуі 2009 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11.00 минутта басталады.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі материалдарымен танысуға және/немесе Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі материалдарын алуға келесі мекенжай бойынша болады: Астана қ., 1-ші ықшамаудан, үй 19/1, «НАТ Қазақстан» АҚ ғимараты.

Астана қ., 07.11.2008 ж.

2008 жылдың 7 қарашасында Директорлар кеңесінің отырысы өтті, бұл отырыста «НАТ Қазақстан» АҚ акцияларын акционерлер мен инвесторлар арасында үлестіру туралы шешім қабылданды.

010010, Астана қ. кош. Күйші Дина, yй.3 бойынша орналасқан «НАТ Қазақстан» акционерлік қоғамы акционерлер мен инвесторларға «НАТ Қазақстан» АҚ қарапайым акцияларын 15 350 (он бес мың үш жүз елу) дана көлемінде, жазылу арқылы, үлестіру бағасы «НАТ Қазақстан» АҚ бір қарапайым акциясы үшін 5 000 (бес мың) теңгемен үлестіргендігі туралы хабарлайды.

2008 жылдың 25 тамызындағы № А4701 Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес, «НАТ Қазақстан» АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 60 000 (алпыс мың) қарапайым акция құрайды.

«НАТ Қазақстан» АҚ қарапайым акцияларын сатып алу туралы өтінімдерді мына мекенжайға жіберу керек: 010010, Астана қ. кош. Күйші Дина, yй.3.

Акцияларды шығару проспектісімен және басқа ақпаратпен мына мекенжайдан танысуға болады: 010010, Астана қ. кош. Күйші Дина, yй.3, тел.: 8 /7172/ 730 100, 730 114, факс: 8 /7172/ 730 111


Print This Page