Қаз| Рус| Eng


Орындалған жобалар

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелері

3

Белгіленуі

Салықтық есептіліктің электронды формаларын толтыруды, өткізуді, қабылдауды және өткізуді автоматтандыру, салықтық есептілік формаларына мониторинг жасау және оны талдау, өткізілген салық есебінің деректерін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелеріне өткізу.

Автоматтандырылуға жататын функциялар:

• салық есебін электронды түрде қабылдау және өңдеу;

• салық есебінің камералды бақылауға алынуы;

• дербес шотқа салымдардың одан арғы есептелуінің реестірінің қалыптасуы;

• аналитикалық және статистикалық есептерді құру;

• мемлекеттік және басқа қызуғушы органдар арасында ақпарат алмасу;

• қазіргі заманғы техникалық шешімдерді қолданумен Қазақстан Республикасы экономикалық саясатын жүзеге асыру мақсаттары.

Мақсаты

Жүйені құрудағы мақсат - Қазақстан Республикасы салық заңнамасының орындалуына бақылау орнату тиімділігін арттыру және салықтық әкімгерлік жүйесін алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізу арқылы жиналатын және өңделетін ақпарат шынеайылығын арттыру, мемлекеттік және басқа қызуғушы органдар арасындағы ақпарат алмасудың шапшаңдығын арттыру есебінен жетілдіру.

Негізгі міндеттер

• салық есептерінің формаларын қалыптастыру, қабылдау және өңдеу (қағаз және электронды нұсқада);

• салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы салық кодексі мен басқа заң актілеріне сай салық міндеткерліктерін өтеуі;

• мемлекеттік органдарғы статистикалық және аналитикалық ақпарат ұсыну;

• басқа ақпараттық жүйелермен ақпараттық әрекеттесуге түсу.

Автоматтандыру нысандары

• Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті - бірінші деңгей;

• Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері –екінші деңгей;

• Ауданаралық салық комитеттері, аудандық салық комитеттері – үшінші деңгей;

• Салық есептілігі формаларын клиенттік СЕФ жүйесінің қосымшалары арқылы өткізетін клиенттер – салық төлеушілер және салық агенттері (заңды тұлғалар – резиденттер, заңды тұлғалар –резидент еместер, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме, жеке кәсіпкерлер арқылы әрекет ету).


Print This Page