Сапа саясаты
“ЖОҒАРЫ САПА – БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН ЖОЛ”
Николай Рерих
Компанияның сапа саласындағы саясаты барлық мүдделі тараптарды: клиенттерді, қызметкерлерді, акционерлерді және қоғамды барынша қанағаттандыру мақсатында клиенттер мен серіктестермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды құруға бағытталған.
Біз компанияның клиенттерімен, серіктестері мен қызметкерлерімен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды құруға бейімделгенбіз.
Біз үшін сапа өз міндеттемелерімізді жоспарланған мерзім ішінде орындау арқылы клиенттің үміттерін ақтауды білдіреді.
Біздің сапаға жету жолдарымыз келесідей:
•Компанияны басқаруда үрдістік және жүйелік тәсілді қолдану;
•Негізгі бизнес үрдістерді үздіксіз жақсартып отыру және оларға жүйелі талдау жүргізу;
•Клиенттердің шынайы қажеттіліктерін барынша дәл анықтау;
•Эмоциялық шешімдерден қашқақтай отырып, фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау;
•Клиенттермен жұмысты олардың қанағаттанушылық деңгейін талдау негізінде жетілдіріп отыру;
•Қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін үздіксіз жоғарылатып тұру;
•Өкілеттік беру арқылы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру;
•Қызметкерлердің ортақ нәтиже үшін бірінің-бірі алдында жеке жауапты болуы.
«С 2005 жылдан бастап, компанияның сапа менеджменті жүйесі ҚР СТ ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкес келеді»