Қаз| Рус| Eng


Microsoft Қазақстан ресми түрде жаңа Windows 7 операциялық жүйесінің қазақша нұсқасын шығарғандығын жариялады

http://www.bnews.kz/markets/it/microsoft-kazaxstan-oficialno-obyavil-o-vypuske-kazaxskoj-versii-novoj-operacionnoj-sistemy-windows-7/

АЛМАТЫ. 14 шілде. BNews.kz – Microsoft Қазақстан дербес компьютерлер үшін ресми түрде жаңа Windows – Windows® 7операциялық жүйесінің қазақша нұсқасын шығарғандығын жариялады. Өнім Language Interface Pack (LIP) интерфейсінің көмегімен қазаша оқылады және Windows® 7 нің орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасына орнатыла алады.

Language Interface Pack (LIP) нұсқасы қазақа тілінде 80%дық интерфейс элементтерін ұсына алады. Бұл өнім тегін және Microsoft http://www.microsoft.com/kazakhstan сайтынан көшіріп алуға болады.

«Майкрософт корпорациясы өзінің әр өнімін халық үшін максималды түрде қолжетімді жасауға тырысады. Осылай Windows® 7 әлемнің 54 тіліне аударылған, оның ішінде 35 тіл аудармасы – толық локализация, 19 тіл –LIP нұсқасы болып табылады. Қазақстанда бұл біздің өнімдеріміздің бірінші локализациясы емес, біз біздің өнімдеріміздің саланың бұдан арғы дамуына және мемлекеттік, коммерциялық және әлеуметтік құрылымдардың қазақ тіліне өтуіне себепші болатындығына сенеміз», – деп Microsoft Қазақстан бас директоры Гюнтер Дам атап өтті.

Бұл локализация жобасы – бұл Microsoft тың IT-индустрияны дамытуға және халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар халықңтың қазақ тілін меңгеру мен дамытуға қосқан үлесі болып табылады. Осылайша Microsoft өнімдеріні қазақ тіліндегі тілдік нұсқалары жеке қолданушы үшін және де біртұтас ұйымдар үшін де ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауын жеңілдетеді. Олар сонымен қатар құжат айналымының мемлекеттік тілге ауысуына өз лебін тигізеді, мектептер мен университеттерде қазақ тлінде дәріс беру үрдісіне үлкен қолдау болады.

Осы өнімдердің шығарылымы жасап шығару процесіне белсенді түрде қатысқан және қазақ тіліндегі кәсібіи терминдерден тұратын арнайы глосарийді бекітуге атсалысқан ҚР Үкімиеті жанындағы Мемлекеттік Терминологиялық Комиссияның қолдауымен жүзеге асырылды.

Print This Post