Мониторинг және басқарудың қазіргі заманғы ИТ-құралдары
Қазіргі таңда ақпараттық технологииялардың қарқынды дамып келе жатқандығы баршаға мәлім. Ақпараттық инфрақұрылымның үздіксіз өсуі және артылған жүктеменің артуы компанияның ақпараттың жүйесі жұмысының тұрақты және өнімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін басқару мен мониторингтің АТ-шешімдерін қабылдауға итермелейді.
2010 жылдың 14 шілдесінде «НАТ Қазақстан» АҚ компания тапсырыс берушілері үшін семинар өткізіп оларды басқару мен мониторингтің қазіргі заманғы АТ-құралдарымен таныстырды.
«НАТ Қазақстан» АҚ қызметкерлері компания жұмысын оңтайландыру үшін ИТ-шешімдердің ерекше мүмкіндіктері туралы баяндады.
Тыңдаушылар назарына келесі баяндамалар ұсынылды:
• IT-инфрақұрылымды басқару және мониторинг (MS SCOM);
• Желідегі конфигурацияны басқару (MS SCCM);
• Қолдау қызметінің автоматизациясы (MS SCSM);
• NOMAD мобильді нысандарының мониторингтік жүйесі
АТ-инфрақұрылымын басқару және мониторингтің қазіргі заманғы шешімдері мекеме ақпараттық жүйесінің тиімді жұмысын, ИТ-сервистердің сенімділігі және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Осы құралдарды қолдану арқылы компания корпоративті жүйенің тұрып қалу уақытын елеулі түрде қысқартуға және бизнес шығындарды азайтуға мүмкіндік туғызады.
АТ-инфрақұрылымын басқару және мониторинг жүйесі төмендегіге мүмкіндік береді:
• ақпараттық ресурстарды қолдануды оңтайландыру;
• АТ-сервисі сапасын және жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы олқылықтарды жою жылдамдығын арттырады;
• АТ-инфрақұрылымының барлық құрамдас бөліктерінің сенімділігін, қауіпсіздігін және келісімді түрдежұмыс жасауын қамтамасыз етеді;
• АТ-бөлімше жұмысының тиімділігін бірнеше есе арттыру.
Вилицкий Семен, ОСТК менеджері:
« «Бүгінгі таңдағы IT-инфрақұрылым» циклі бойынша алдыңғы өткізілген семинарларда біз тиімді АТ-инфрақұрылымын құру үшін қандай шешімдердің қолданатындығын қарастырдық. Төртінші семинар ИТ-инфрақұрылымды басқару және мониторинг шешімдеріне арналды. Баяндамалар Microsoft System Center негізінде мониторинг, инвентаризация, басқару, сонымен қатар ITIL және MOF-та сипатталған ең үздік тәжірибелерге сай процестердің автоматизациясына арналды. Баяндамалар қатысушылардың қызығушылығын тудырып қызу талқылауға түсті. Тыңдаушылардың бұндай белсенділігі тек олардың қызығушылығын ғана емес, сонымен қатар осы тақырыптардың өзектілігін білдіреді. Және біздің NOMAD атты жүйеміздің тыңдаушылардың қызығушылығын тудырып қана қоймай, кейбіреуі үшін жаңа ашылған жаңалықтай болды, әрине бұл бізді қуындырмай қоймайды. Біз тапсырыс берушілердің қызығушылығын тудыра алғанымызға және оларды жаңа шешімдер туралы хабардар ете алатынымызға өте қуаныштымыз.»
Кигизбаев Данияр, ОСТК инженер-консультанты:
«Менің баяндамам IT-бөлімшеге сөзсіз басымдылық беретін және IT-қызметтердің деңгейін арттыра алатын және IT-бөлімшенің ресурстарын неғұрлым арттыра алатын құралған араналады. Менің айтатыным Microsoft System Center Configuration Manager өнімі жөнінде. IT-инфрақұрылымның күн сайынғы өсімін қадағалап отыру, оны бір тәртіпке келтіру, ненің қай жерде қаншалықты қолданылатындығын бақылап отыру қиынға түсуде. Инвентаризация жүргізуге көп уақыт шығындалады, арнайы құралсыз БҚЕ есептеу іс жүзінде мүмкін емес. SCCM негізіндегі шешімдер осы проблемаларды шешу үшін барлық қажетті құралдарды ұсынады .»
Алексей Клоков, ОСТК инженер-консультанты:
Бүгін АТ-инфрақұрылымы мекеме үшін өте маңызды құрамдас болып табылатын уақытта қолжетімді және жұмысқа қабілетті мониторинг жүйесі қажет. Мекеменің кеңеюімен қатар оның АТ-инфрақұрылымы күрделі әрі гетерогенді бола түседі, көптеген өндірушілердің бағдарламалық және аппараттық кешендерінен тұратын күрделі құрылымға ие бола бастайды. ИТ-инфрақұрылымы күрделілігінің артуымен мониторинг жүйесіне қойылатын талаптар да арта түседі. Мен System Center Operations Manager 2007 R2а өнімі туралы баяндадым. Бұл ірі және шағын мекемелердегі ИТ-инфрақұрылымының жағдайына бақылау орнатуға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдарды мониторинг жүйесі.