НАТ Қазақстан жеткізудің курьерлік қызметін басқару бойынша АЖ-ні сәтті түрде енгізді
«НАТ Қазақстан» АҚ «Direct Delivery» ЖШС-нің тапсырысы бойынша «Жеткізудің курьерлік қызметін басқару бойынша автоматтандырылған АЖ» құру бойынша жұмыстарды сәтті түрде жүзеге асырды.
Бұл бағдарламалық қамтамасыз ету оператордың тапсырысты қабылдауынан бастап төлемді бақылау процесіне дейінгі корреспонденцияны жеткізудің бизнес процестерінің барлық кезеңдерін автоматтандырады, қолданушылық интерфейс курьер қызметкерлерінің жұмысын және қатенің болуын максималды түрде азайтады.
Н.Турткараев, «Direct Delivery» ЖШС-нің бас директоры:
«Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша « НАТ Қазақстан» АҚ тобының кәсіпқойлығын ерекше атап өтуге болады, әсіресе пәндік сала білімін өте жақсы игеруі, оң бағалы нәтижеге жетуге деген ұмтылыс, туындаған жағдайларға дереу жауап беру секілді қызметкерлер тобының біліктілігі жобаны тиісті сапаға сай етіліп орындалуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар « НАТ Қазақстан» АҚ-ның клиенттермен жұмыс жасаудағы нақты және айқын, қарым-қатынастар жүйесін жоғары бағалауға болады.
«Direct Delivery» ЖШС-гі «НАТ Қазақстан» АҚ-на алғысын білдіреді, сәттілік және одан арғы даму шыңдарын игеруді тілейді, сонымен қатар ұзақ мерзімдік және жемісті әріптестіктің ары қарай өз жалғасын табуын қалайды»