АТ-инфрақұрылымына арналған сенімді тұғырнама
2010 жылдың 7 шілдесінде «АТ-инфрақұрылымына арналған сенімді тұғырнама» тақырыбындағы компания тапсырыс берушілеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты тапсырыс берушіні АТ-инфрақұрылымына арналған қазіргі заманғы тұғырнамамен таныстыру.
Бағдарламаның ресми бөлігі бірнеше презентациядан тұрады:
• ProLiant қазіргі заманғы серверлер жанұясы
• қазіргі заманғы iSCSI массивтер жанұясы
• деректерді қорғаудың қазіргі заманғы құралдары
• кластерлік қызметтер
Тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы мекемелер интерграцияланған жүйе кешені, бағдарламалар және қызметтерден тұратын АТ-инфрақұрылымына тәуелді. АТ- сервистерінің барлық компания бөлімшелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұғынрнама болып жүйелік тұғырнамалар табылады. АТ-инфрақұрылымы біртұтас, максималды түрде сенімді, дқрыс жобаланған болуы керек және беріктіліктің жоғары деңгейіне ие болуы керек және бизнестің тек ағымдық жағдайына сәйкес болып қана қоймай, сонымен қатар оның болашақтағы дамуын ескеруі тиіс.
Қазіргі заманғы сенімді тұғырнамалар:
• АТ-ға жұмсалатын шығындарды азайтуға
• қолданыстағы АТ-инфрақұрылымын модернизациялаулауға;
• жұмыста тұрып қалуларды немесе жүйенің қатардан шығып қалу жағдайларын неғұрлым азайтуға;
• ұйым инфрақұрылымының қауіпсіздігін тиісті деңгейде ұстауға;
• АТ-инфрақұрылымын оңай және қолайлы түрде басқаруды қамтамасыз етуге;
• ұйым инфрақұрылымының қауіпсіздігін және сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Нурболат Лукпанов,
«НАТ Қазақстан» АҚ инженер-консультанты:
«Деректерді сақтау желісіне қосылатын дискілік массивті таңдау кезінде әдетте Тапсырыс беруші FibreChannel интерфейсә бар қымбат массивтерді сатып алуды қалайды. FC бойынша қосылу үшін оптикалық карталар, оптикалық қосылу кабелдері және коммутаторлар қажет… Бұл қосымша шығындар.
iSCSI интерфейсі бар дискілік массивтер ЛВС қолдану тиімділігін арттырады және өндірістілігі бойынша FC массивінен кем түспейтін деректерді сақтау желісін ұсынады. Менің ойымша семинарда өткізілген НР iSCSI массивтеріне шолу пайдалы болды және Тапсырыс берушілер бұдан әрі осы технологияны FC-тің бірлден бір баламасы ретінде қарастырады деп сенемін.»
Бахтияр Доскенов,
«НАТ Қазақстан» АҚ инженер-консультанты:
«Қарқынды түрде дамып келе жатқан қазіргі заманғы технологиялар заманында ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерді білу маңызды. Бұл жұмыс нәтижелерін жақсарту және белгілі бір міндеттерді оңтайландыру үшін сізге қолжетімді технологиялар туралы түсінікке ие болуға мүмкіндік береді. Hewlett-Packard компаниясы кең көлемді міндеттерді шешу үшін ең жақсы нәтижені көрсете алатын жабдықтардың кең таңдауын ұсынады.
Біз HP ProLiant линейкасының жаңа серверлер (“G7”) буынын ұсынып отырмыз. Серверлік жабдық пен қосалқы құралдардың кең таңдауы менің ойымша жабдықты тамаша түрде конфигурациялауға және тапсырыс берушінің барлық сұрауына жауап бере алатын жүйеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.»
Семинарға шақырылған қонақтардың ойы бойынша осы тәріздес шаралардың олар үшін маңыздылығы зор, бұл тек жаңа шеімдерді біліп қана қоймай, сонымен қатар білікті мамандармен танысып өзара тәжірибе және пікір алмасуға мүмкіндік береді.