Виртуализация арқылы қол жеткізілетін тиімділік – НАТ Қазақстан шақырады
АТ–инфрақұрылымына қойылатын талаптардың соңғы уақытта қарқынды артуы баршағы мәлім. Бұл, біріншіден, бизнестің аса көлемді деректер көлемін өңдеудегі қажеттілігімен, икемді оперативті басқару, сонымен қатар қауіпсіздікке қойылатын талаптапдың артуымен түсіндіріледі. Қазіргі таңда жаңа АТ-сервистерін қолдау мен енгізуге байланысты сұрақтар аса өзекті болып отыр.
2010 жылдың 25 маусымынан бастап Астана қаласында «НАТ Қазақстан» АҚ компаниясы өзінің Тапсырыс берушілері үшін IT-инфрақұрылымды оңтайландыру сұарқтарын қарастыратын «Бүгінгі таңдағы АТ-инфрақұрылым» атты семинарлар циклін бастады.
Бірінші семинар «Виртуализация арқылы тиімділік» тақырыбына өтті, семинарда тапсырыс берушілер үшін өзекті болып есептелетін міндеттер шеңберінде VMware және Microsoft технологияларына шолу жасалды:
• IT-ресурстарды неғұрлым тиімді қолдану есебінен инвестицияларды қайтаруды жылдамдату.
• IT-инфрақұрылымға ие болудың жалпы құнын төмендету.
• Бизнес талаптарына сай есептегіш ресурстардың динамикалық түрде таратылуы.
• Компанияға тиесілі ақпараттық жүйелердің икемділігі мен сенімділігін арттыру.
Іс-шараға 40-тан астам мемлекеттік мекемелер және Астана қаласының ірі мекемелері мен банктері қатысты.
Семинар қатысушыларына алғашқы сәлемдесу сөзін клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің басқарушы директоры Антон Олегович Спицын сөйледі, ол өз кезегінде қатысушыларға жаңа және пайдалы ақпаратпен танысуға және үнемі АТ авангарды ағымында болуға шақырды. Баяндама серияларын Серверлер виртулизациясы және Жұмыс станциялары презентациясымен ЖТКБ менеджері Вилицкий Семен бастады. Оның баяндамасындағы негізгі екпін тиімді АТ-инфрақұрылымын құрудағы виртуализация технологиясының маңыздылығы мен осы саладағы VMWare-нің сөзсіз жетістіктеріне қойылды.
Семинардағы басқа маңызды тақырып «Қазіргі заманғы ДӨО арналған операциялық жүйе». VMware vSphere – ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қуатты функционалға ие қазіргі заманғы виртуализация жүйесі, ол инфрақұрылымның стандарты ресурстарын бір пулға біріктіріп ескірген «серверге бір қосымша» моделінің шектеулерін жеңеді.
Виртуалды қосымша түсінігі, оның жұмыс сенімділігін қалай арттыратындығын, АТ-инфрақұрылымын басқару құнын қалай төмендететіндігін және оны қалай неғұрлым икемді ететіндігі жөнінде ЖТКБ инженер-консультанты Алексей Клоков баяндады.
Семинарға қатысушылар пікірі бойынша осы тәріздес іс-шараларды өткізу өте маңызды, себебі семинардың көмегімен жаңа шешімдерді біліп қана қоймай, сонымен қатар білікті мамандармен жақынырақ танысу және тәжірибе алмасуға мүмкіндік туындайды.
Семен Вилицкий, ЖТКБ менеджері:
«Қазіргі заманда нарық бейнесінде болып жататын өзгерістерге дереу жауап қайтару уақыты үлкен маңыздылыққа ие, осы уақытты қысқартуға мүмкіндік беретін кез-келген технологиялық шешім бәсекелестік басымдылыққа ие. Бұл тұста виртуализация осы шешім болып табылады.
Ақпараттық технологияларсыз қазіргі әлемді, бизнесті және қарым-қатынастарды көзге елестету қиын. Виртуализация олардың қолданысын он есеге артық тиімді етуге мүмкіндік береді және бизнеске қызмет көрсетудің ең шығынды бөлігі ретіндегі АТ қатысты көзқарасты өзгертуге мүмкіндік береді.
Біз қазіргі заманғы ұйымдардың ИТ-инфрақұрылымы шешімдеріне арналған семинарлар циклін қзіргі заманғы мамандар назарын ИТ-ресурстарды тиімді пайдалану сұрағына аудару мақсатымен Виртуализация баяндамаларынан бастаймыз».