Қаз| Рус| Eng


ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінде е-үкіметтің дамуы талқыланды.

6 маусымда ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінде «электронды үкіметтің» дамуы мәселелері және мемлекеттік органдар мен коммерциялық сектордың электронды қызмет көрсетуі жөнінде жұмыс отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің Жауапты хатшысы Қайрат Әбсаттаров, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Бикеш Құрманғалиева, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Еңсебаев, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің және ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің, сонымен қатар коммерциялық сектор өкілдері қатысты.

Мемлекеттік электронды қызметтерді жетілдіру 2010-2014 жылдарға ақпараттық коммуникацияның дамуы Салалық бағдарламасының басымдық бағыты болып табылады, оның шеңберінде 2010-2014ж.ж. «электронды үкімет» қызметінің саны артатын болады: барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысына жуығы электронды формаға ауыстырылмақ. ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің жауапты хатшысы Қайрат Әбсаттаров өз сөзінде, «портал халыққа ұсынған электронды қызметтер спектрінің күн сайын ұлғайып отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде біз әрбір қазақстандық, тіпті, компьютерде сауаттылығы төмен азамат электронды қызметті пайдалана алатындай е-қызметтерді көрсетуде процедураларды жеңілдету бағытында жұмыстар атқарудамыз».
Қазіргі уақытта «электронды үкімет» порталында халық пен бизнеске 59 сервис пен интерактивті қызмет ұсынылады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Еңсебаевтың сөзіне қарағанда, үстіміздегі жылдың соңына дейін тағы да 10 мемлекеттік қызмет іске қосылмақ, оның ішінде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу және жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш беру де бар.

Сонымен қатар, 17 мамырдан бастап жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы барлық анықтамалар тек қана электронды формада ғана беріледі. ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі мен ҚР Әділет министрлігі бірлесіп қолданылған бұл шара қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде: 17 мамырдан бері 30 мыңнан астам анықтама берілді. Бұрынғыдай дәстүрлі әдіспен жылжымайтын мүлікке анықтамалар беру бойынша жұмыс осындай тиімді болмас еді.
Сондай-ақ, отырыс аясында қатысушылар ағымдағы кезеңге электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің мониторингі әдістемесін қарастырды, оларды енгізу және мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша негізгі бағыттарды талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуының салалық бағдарламасының «Электронды қызметтердің және «электронды үкіметтің» дамуы» тарауын мақұлдады. Сонымен қатар электронды қызметтерді автоматтандыру және енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. http://www.profit.kz/news/005955/

Print This Post