ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінде ақпараттық коммуникация саласының дамуы талқыланды.
4 маусымда Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігінде ақпараттық коммуникациялар саласының дамуы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Ақпарат және байланыс министрлігінің, ««Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, АҚТ-компаниялардың өкілдері қатысты.
Басты тақырып 2010-2014 ж.ж. Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы жөніндегі Салалық бағдарламаны талқылау болды. Ақпарат және байланыс вице-министрі Сәкен Сәрсенов кеңесті аша отырып, әріптестерімен саланы дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті және осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі туралы айтып берді. Сәкен Сәрсенов 2010-2014 ж.ж. ақпараттық-коммуникациялық дамудың салалық бағдарламасы мамандардың ұсынысы ескеріліп, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық коммуникаиялардың ағымдағы жағдайын сараптау негізінде дайындалғанын атап өтті. «Сараптама негізінде біз 2015 жылға дейінгі даму мақсаттарын айқындап және жұмыстың басымдық жеті бағытын анықтадық, олар 2010-2014 жылдарға қарқынды индустриялы-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапты, - деп атап өтті вице-министр. (Ескерту. – Негізгі бағыттар: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның модернизациясы және дамуы, Интернет желісіндегі қазақстандық сегменттің және қазақстандық контенттің дамуы, электронды қызметтердің және электронды үкіметтің дамуы, БҚ дайындау секторының және АТ-қызметтердің дамуы, сандық телехабардың дамуы, жоғары технологиялық қондырғылар өндірісінің дамуы және ақпараттық-коммуникациялар сферасында білім берудің дамуы).
Кеңес шеңберінде қатысушылар 2010-2014 ж.ж. ақпараттық коммуникацияның дамуы негізгі бағыттарын, телекоммуникация саласында бәсекелестікті дамыту, телекоммуникация, ақпараттық технологиялар саласын тиімді дамытудағы мемлекеттік шаралар, отандық өндірісті дамыту және АТ-қызметтер жөніндегі мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, отандық АКТ-компаниялары және АКТ-қондырғыларын өндірушілер, бағдарламалық қамсыздандыру және АТ-қызметін жасаушылар отандық қондырғыларды жасау мен дамыту үшін, сондай-ақ қазақстандық үлесті арттыру бойынша қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы өз ұсыныстарын жеткізді. Ақпарат және байланыс вице-министрі ақпараттық-коммуникацияларды дамыту жөніндегі барлық ұсыныстар 2010-2014 ж.ж. ақпараттық коммуникациялық дамудың салалық бағдарламасы жобасында барынша ескерілетінін атап өтті. «Аталған бағдарлама алдағы бес жылға даму бағытын анықтауға тиіс. Нақ осы себептен, біз үшін сіздің әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды», — деп атап өтті Сәкен Сәрсенов.
Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік және коммерциялық сектордың өкілдерімен бағдарламалық құжатты одан ары дайындауға негіз болатын хаттама қабылданды. 2010-2014 ж.ж. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі салалық бағдарлама үстіміздегі жылдың шілде айында қабылданады деп жоспарланған.
www.profit.kz/news/005957