ҚР е-үкіметінің порталында қосымша 10 қызмет іске қосылады.
Жыл басынан бері «электронды үкімет» порталы арқылы 213 мыңнан астам электронды анықтама берілді. 2010 жылдың соңына дейін тағы да 10 мемлекеттік қызмет іске қосылады деп жоспарланған. Бұл туралы 15 мамырда Алматыда KITEL телекоммуникация және компьютерлік технологиялар көрмесінде ««Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Сәрсенов мәлімдеді.
Қазіргі таңда «электронды үкімет» порталында халық пен бизнеске 59 интерактивті қызмет ұсынылады. Электронды сандық қол болса, порталдың көмегімен зейнетақы аударымдары, сотталған немесе сотталмағаны туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы және т.б. көптеген құжаттарды жаздырып алуға болады.
Ә.Сәрсеновтың атап көрсетуінше, қазіргі уақытта «электронды үкімет» туралы заң шығару жұмыстары жүргізілуде, онда «электронды үкіметтің» электронды төлем шлюзі туралы ереже де бар.
Ә.Сәрсеновтың сөздеріне қарағанда, бұл механизм мемлекеттік салықтарды, қызметтерді және баждарды төлеу үшін қолданылмақ. «Қазіргі кезде техникалық жағы жүзеге асырылды, сайтқа кіріп, 120-ға жуық түрлі салықтарды төлеуге болады. Ақпарат және байланыс министрлігі қызметтердің әрбір тұтынушыға жеткізуді өз алдына міндет етті. Біз инфрақұрылымды әзірледік, қазір жаппай енгізу үшін барлығы дайын», — деді ол.