Адам ресурстарын басқару жөніндегі V халықаралық конференция <Өткен кезең қорытындылары және алдағы кемел келешек>
2010 жылдың 18-19 ақпанында Астана қаласында Адам ресурстарын басқару жөніндегі «Өткен кезең қорытындылары және алдағы кемел келешек» V халықаралық конференция өткен болатын, оның шеңберінде HR-құралдарының көрмесі өтті.
Конференция мақсаты 1999 және 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан, ТМД елдері, жалпы әлем бойынша адам ресурстарын басқару саласындағы қызмет нәтижелеріне қорытынды жасау, даму тенденцияларын талдау, идея және тәжірибемен алмасу, алдағы кезеңге даму келешегін белгілеу болып табылады.
«НАТ Қазақстан» АҚ қатысушыларға: Microsoft Dynamics Axapta-да «Персоналмен есеп жүргізу» модулі, «Психофизиологиялық диагностика» (ПФД) модулі секілді ақпараттық шешімдерін ұсына отыра, берілген шарада белсенді қатысты.
Конференция қатысушалары: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, “КаР-Тел” ЖШС, «ЭКОПСИ Консалтинг», «Ward Howell» (Ресей), «Мобильные Телесистемы» ААҚ (Ресей), «Тенгизшевройл» ЖШС, «Халықаралық ресурстық орталық» СПМУ (Ресей), North Caspian Operating Company BV, «Ambition IBQ», «КАТКО» БК ЖШС, «Ambition IBQ», «Филлип Моррис Казахстан», «Денкерст», «Самрұқ-Қазына» корпоративтік университеті, «Шелл» компаниясы, «BG Kazakhstan» ЖШС, Халықаралық бизнес академиясы, «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» партиясы секілді компания жетекшілері, ірі отандық және шетел компаниялардың HR-директорлары болды.
Берілген шараның қадірлі қонағы Case Western Reserve University университеті ұйымдастырушылық психология департаментінің профессоры - Ричард Бояцис, PhD болды.
Конференция қатысушаларының назарына: «Көшбасшылық – еуразиялық стиль», «HR-пульс», «Қазақстанда, ТМД және дүние жүзінде адам ресурстарын басқару саласындағы келесі 10 жылдағы тенденциялар», «2009 жылы персоналға арналған шығындарды азайту» және басқалары секілді зерттеу жобалары ұсынылды.