PMClub’a форматында кездесу
Ұзақ жұмыс демалыстарынан кейін Астана қ. жобалық менеджерлер клубы өз жұмыстарын қайта жаңғыртты.
Берілген клуб 2007 жылы көзбе-көз қарым-қатынас үшін, жобаны басқару саласындағы өз білімдерін тереңдетуге қызығушылығы бар әр түрлі компаниялар мамандары арасында кәсіби білім мен тәжірибе алмасу үшін құрылған. Қазіргі таңда клубта 20-ға жуық қатысушылар тіркелген. Клуб мүшелерінің басым көпшілігінде олардың біліктілігі мен жобалық қызметіндегі табысты тәжірибесін растайтын жобаларды басқару облысында (IPMA) халықаралық сертификациялары бар.
Осылайша әдеттегі «кешкі» форматта, достық ортада 23 желтоқсан 2009 жылы, «НАТ Казахстан» АҚ кеңсесінде Астана қ. PMClub’a қатысушылары бас қосып жиналды.
Кезекті кездесуде клубты дамыту болашағы қарастырылды, жобаларды басқару бойынша оның қатысушыларын өз ісінің мамандары ретінде алға жылжыту үшін қазақстандық интернет- алаң/порталын құру ұсынылды. «НАТ Казахстан» АҚ жобаларын басқару жөніндегі сервистер бөлімінің менеджері Елена Дианова әзірлеген және көрсеткен Prince2 жобаларын басқару әдістемесі бойынша шолу презентациясы үлкен қызығушылық туғызды.
Шараға «НАТ Казахстан» АҚ, EPAM Systems, “ERP-Service “KazTransCom” ЖШС секілді компания өкілдері қатысты және де клубқа жаңа екпінді қатысушылардың «тартылуы» қуантарлық жағдай.
Клубтың барлық қатысушылары — өз бетінше «еріктілер», мүмкін, сол себепті осы клубта әрқашан кезекті баяндама ұсынған әр қатысушыға, сөздерге, білімге деген қызығушылық басым. Мұнда әрқайсысының ушыққан тақырыпқа пікірін айтып, сұрақ қойып, жауап алуына болады.
Бұл кездесу клуб қатысушыларын ортақ мақсаттар біріктіретінін, олардың жиі бірдей мәселелерге тап болатынын тағы да көрсетті. Егер олардың біреуі жұмыс процесінде жаңа, өндірістік мәселені шешудің оңтайлы әдісін ойлап тапса, еш күмәнсіз, жақындағы «жобалық кеште» бұл туралы клубтың қатысушыларымен бөліседі.