Қаз| Рус| Eng


Әлеуметтік жауапкершілік – НАТ Қазақстан компаниясы қызметіндегі маңызды басымдық

Өркендеп келе жатқан қазақстандық бизнестің бүгін өзінің игі салттары пайда болуда. Және әлеуметтік бағдарланушылық – солардың арасындағы аса маңыздысы болып табылады. Мәселен 2 желтоқсан 2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсы өткен болатын.
Берілген шараның басты мақсаты ол Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкерлігінің субъектілерін өз жұмыскерлері, сол сияқты тұтас алғанда қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру болды.
«НАТ Казахстан» АҚ компаниясы «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша материалдарын ұсына отыра, осы конкурсқа белсенді қатысты.

Бұл номинацияда ішкі әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген, өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілікті ойдағыдай жүзеге асырып жатқан үміткерлердің құжаттары қарастырылған болатын.
Берілген номинация бағалауы келесі параметрлерге негізделді:
∙ әлеуметтік пакеттің, өндірістік жарақаттанушылық, халықаралық стандарттар, жұмыс орындарын сақтап қалу және әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жөніндегі меморандумдардың болуын айқындайтын параметрлер, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру мен жастарды жұмысқа қабылдау және т.б.;
∙ демеушілік және қайырымдылыққа арналған шығындарды айқындайтын параметрлер.

Конкурстың еліміздің іскерлік қоғамда күтілген резонанс туғызғанын айта кеткен жөн, және бұл қазіргі заманда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қайырымдылық қана емес, сонымен бірге қоғам дамуына бизнестің қосқан ерікті үлесі ретінде де қарастырылатынын толық дәлелдейді.

Print This Post