Қаз| Рус| Eng


Ел басшысы ақпараттық технологиялар бойынша Халықаралық саммитке қатысты

27 қараша 2009 ж. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ТМД кеңістігін біріктірейік» атты Халықаралық саммитіне қатысып, оның қатысушылары алдында сөз сөйледі, деп хабарлады Ел басшысының баспасөз қызметі
«Қазақстан біртұтас ақпараттық кеңістік құру бойынша ТМД мемлекеттері-қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға үлкен мән беріп отыр, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ел басшысы әріптестіктің маңызды кездері ретінде халықаралық IT-нарығына шығу, бірыңғай стандарттарды қолдану, тиімді және бәсекеге қабілетті өнімдер жасау бойынша Кедендік одақ шеңберінде бірігуді атады.
Нұрсұлтан Назарбаев саммитке қатысушыларын Қазақстанда жоғары технологиялық ірі жобаларды жүзеге асыруға, коммуникация және IT-технологиясы саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге шақырды.

Print This Post