Медициналық ақпараттық жүйелерді жетілдіреміз
9.11.2009 бен 18.11.2009 күндері аралығында НАТ Қазақстан ҚР ДМ-нің санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік комитеті мен ҚР ДМ-нің Фармацевтикалық қадағалау комитетінің Денсаулық сақтаудың біртұтас ақпараттық жүйесі бойынша комиссияның Санитарлық-Эпидемиологиялық Жағдайлар Мониторингі Жүйесі (СЭЖМЖ) мен Дәрі-дәрмекпен Қамтамасыздандыруды Басқару Жүйесінің (ДҚБЖ) кешендік қабылдау-тапсыру сынақтарын сәтті өткізді. Комиссия ДҚБЖ мен СЭЖМЖ демонстрация нәтижелерін жоғары бағалады. Іске асырылған құрамдас бөліктер бойынша бірқатар сұрақтар шараға қатысушылардың басты назарында болды. Қабылдау-тапсыру сынақтарынан кейінгі талқылаулар пікір алмасуға және бағдарламалық кешендерді әрі қарай жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.