IT-технологиялар HR-ге көмекке келеді
4-қарашада 2009 ж. “НАТ Казахстан” АҚ кеңсесінде, «Работа сегодня» газетасының қолдауымен қалалық HR-клубы аясында HR-мамандарының «Дағдарыс кезінде Адам ресурстарын басқару қызметі қандай мүмкіндіктер бере алады?» деген тақырыпта кездесуі өтті.
Шара дөңгелек үстел ауқымында өтті. Мұнда Астана қаласының жетекші компанияларының HR-мамандары қатысты, сондай-ақ «Беркат» Консорциумы, “Ұлттық аналитикалық орталық” АҚ, “RIXOS” қонақ үйі, «Думан» қонақ үйі, «Bi-Group» АҚ, “Астана Моторс Астана” ЖШС, “Астана Финанс” АҚ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, “Казанада” ЖШС, «Экономикалық зерртеулер институты» АҚ-дан әріптестер және тағы басқалары да болды.
Берілген кездесудің басты мақсаты – клуб қатысушыларының арасындағы тәжірибе алмасу, ол әріптестер идеяларымен және пысықтауларымен танысуға көмектесіп, қазақстандық компанияларда HR-технологияларын енгізу туралы білуге, сонымен қатар қарым-қатынасты ақпарат алмасумен үйлестіру мүмкіндігін береді.
Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды:
• дағдарыс кезінде компанияда HR-бөлімінің рөлін қалайша көтеруге болады?
• компаниялар/ұйымдар басшылығына дағдарыс жағдайында тиімді шешімдер қабылдау үшін қандай ақпарат қажетті?
•HR-бөлімінің бизнес үрдістерін автоматтандыру;
• қызметкерлер мен тапсырыс берушілердің қанағаттану көрсеткіштеріне сәйкес, Лакмус бейілділік сынақ (сұрауды өңдеу және енгізу тәжірибесі) сұрауы негізінде өндірістік және коммерциялық бөлімшелер жұмысын түзету;
• Менеджерлердің теориялық және практикалық дағдыларын жоғарылататын шаралар жоспарын жасау тәжірибесі.
(MS Share Point Portal) порталымен жұмыс тәжірибесі және Microsoft Dynamics AX 4.0 ERP-жүйесі негізінде жасалған «Персоналды басқару» бағдарламалық кешенін «НАТ Казахстан» АҚ-ға енгізу мәселесі қарастырылды.
НАТ-тағы көптеген есеп функцияларын автоматтандырудың арқасында кадр құжаттарын өңдеуге кететін уақытты қысқартуға және Адам ресурстары туралы ақпаратты ұсынуға қол жеткізілді.
Іс жүзіндегі мысалда кездесу қатысушылары «Персоналды басқару» модулі көмегімен жедел қажетті есептілік пен компанияның ақпараттық ағынының басқарылуын жоғарылатуға болатынына көз жеткізді.
Бос қалған уақыт бөлім мамандарына қызметкерлер бейілділігіне мониторинг жүргізу, «Лакмус бейілділік сынағы» көмегімен басқарушылық дағдыларды жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау секілді ішкі HR жобаларын сәтті игеруге мүмкіндік береді.
Адам ресурстарын басқару бойынша бөлім мамандары кездесу қатысушыларын қолданыстағы персонал-технологиялармен таныстырды және оларды персоналды басқару облысына енгізу қорытындыларын ұсынды.
Шонаева Айман Камбековна, “НАТ Казахстан” АҚ АРББ-нің менеджері:
«НR-клубы тарихында алғашқы рет, біз, адам ресурстарын басқару бойынша бөлімі, өз компаниямыздың кеңсесінде берілген кездесудің бастаушысы болдық. Кездесу сәтті өтті, біз әріптестерімізден үлкен қуат алдық. Жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін оларға мың да бір рахмет!»
Сын-пікірлер:
«Сәттілік тілейміз! Кейінгі әріптестікке үміт артамыз», Салтанат Бекмаганбетова “Казанада” ЖШС;
«Сіздердің ауыр жұмыстарыңызда шығармашылық табыстар тілейміз! Рахмет!!!» Ольга Леонтьева «Беркат» Консорциумы;
«Жарайсыңдар! Барлығы СУПЕР!» Бахытгуль Мубаракова, “Ұлттық аналитикалық орталық”;
«Сізге және Сіздердің пікірлестер командасына HR-клубы аясында өткен ұнамды және жемісті кездесу үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге жұмыста шығармашылық табыстар мен жаңа жемістер тілеймін» Д.Дуанбеков, Rixos.