Қаз| Рус| Eng


Электронды үкімет -2009 бастамасы

Әлемдік дағдарыс және Қазақстанда IT-технологияның дамуы, электронды үкімет және 3G технологиясының енгізілуі, еліміздің ақпараттық технологиялар саласында АҚШ пен Финляндия деңгейіне жетуі, сонымен қатар әскери жиіліктің азаматтық салаға ауысу перспективасы. Берілген мәселелер мен растаулар, пікірлер мен наразылықтар астанада IV халықаралық «Электронды үкімет -2009 бастамасы» конференциясы карсаңында айтылған болатын.

Электронды үкіметті дамыту бойынша конференциясы Қазақстанда осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Электронды үкімет жұмысындағы кемшіліктерді іздеу мен оларды жою, айта кету керек, олар әлі де аз емес, ақпараттық теңсіздікті төмендету мәселесі, IT-саласының үрдісі және болашағы, сондай-ақ тәжірибе алмасу – осының барлығы – жақында өткен шаралар болып табылады. Конференцияда Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, бізде барлығы тамаша екеніне көз жеткізу қиын емес. «Қазақстанда ақпараттық технологияны кеңінен енгізу миссиясы орындалды. Қазіргі таңда мемлекет тұрғындарының басым көпшілігі - ұялы байланыс пен Интернеттің белсенді пайдаланушылары. Біз барлық мемлекеттік органдарды көшірдік, екі платформаның, интерактивті араласудың арқасында қазір әр мемлекеттік орган Интернетсіз және Интернет пайдаланушыларының сұрақтарына жауаптарсыз әрі қарай жылжуға болмайтынын жақсы түсінеді. Менің ойымша, негізгі мақсат - төңкерістік миссия болып табылатын тұрғындардың ақпараттық технологияны пайдалануына біз қол жеткізе алдық».

Министрлер кабинетінің басшсысы Кәрім Мәсімов интернет-пайдаланушыларының саны туралы сұраққа өз пікірін ортаға салған болатын: «Жақын арадағы 2-3 жылда бізге сапалы жұмыс атқару керек. Соңғы халық санағы көрсеткендей, тұрғындардың 55%-ы компьютерде жұмыс жасай алады, теориялық түрде қазіргі таңда 1 млн. 200 мың адам интернетке қосылған – бұл 12,5%-ды құрайды. Түкке тұрмайтын аз цифра».

Екі шенеунік те Қазақстанның ақпараттық технология саласында біраз жетістіктерге қол жеткізгеніне, бірақ оған қарқынын жоғалтпай, сол бағытта дамуы қажет екеніне келіседі. «Ең басты бағыты электронды экономика болған, XXI ғасырдың дүниежүзілік үрдісінен аса амбициозды міндеттері бар Қазақстанға артта қалмау керек, - деп есептейді АБА-ның төрағасы. «Әлемдік қаржылық дағдарыстың негізгі күшті елеулі экономикалық мәселелерді шешуге бағыттауға мәжбүрлеуіне қарамастан, Қазақстанда IT-технологияның дамуы басым бағыттар қатарында қалуы тиіс. Осы жолда оны кешеуілдету немесе тоқтата тұруы елімізді алысқа шегіндіруі әбден мүмкін. Тіпті, саланы алға жылжыту және IT-дамыған мемлекеттер тізіміне ену – республикамыздың абзал міндеті болуы тиіс», - деп атап көрсетті премьер-министр Кәрім Мәсімов. Дәл осылай электронды үкіметтің дамуы да еліміздің аса маңызды міндеті болып табылады. «Қазіргі кезде аса елеулі экономикалық мәселелерді шешу, содан кейін ғана электронды үкіметке назар аудару қажет деген пікір бар, - деп премьер-министр атап көрсетті. – Бірақ бұл саяз көзқарас. Егер біз IT-технологияның дамуына көңіл бөлмейтін болсақ, бұл елімізді біршама артқа шегіндіреді, және де тек IT-саласында ғана емес». Өз баяндамасында Есекеев мырза мемлекеттік органдардың интернет-порталы мен электронды құжатайналымын енгізу облысындағы жетістіктер туралы айта кеткен болатын. Басымдық бағыттар - электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, е-лицензиялау, е-әкімдік, төлем шлюзі, «электронды үкіметтің» веб-порталы.

Сонымен қатар, Премьер-министр «қазіргі таңда қазақстандық тұрғындардың 55%-ы ресейлік ақпараттық кеңістігінде тұрып жатқанын» хабарлаған болатын. Осыған орай, ол «интернет сласында да, телевизия саласында да, Бұқаралық ақпарат құралдар саласында да ресейлік көрермен үшін күресуге біздің өз ішкі контентіміз болуы керек». Бұл міндетті қамтамасыз ету үшін К.Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне күш-жігерді біріктіру міндетін тапсырды.

Конференция шеңберінде «Электронды үкімет -2009 бастамасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Print This Post