Қаз| Рус| Eng


ҚР Премьер-министрі IT-индустрияның белсенді дамуы үшін

Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдегендей, Үкімет Қазақстандағы IT-индустрияның белсенді дамуын қолдауға ниет білдіріп отыр.
Бизнес-қоғамдастығымен кездесу кезінде сала өкілдеріне жауап бере отыра, ол келесідей айтып кеткен болатын: «IT-индустрияға балама жоқ. Бүгінгі күні әр мемлекет өз шамасына қарай электронды үкіметті, IT-индустрияны дамытуды жалғастырып отыр. Соның ішінде біз де IT-индустрияның дамуы тұтастай алғанда әрі қарай жалғасын табады деген шешім қабылдадық.

Мәселен, қазіргі таңда «электронды қаржы министрлігінің» құрылуына үлкен тендер» жарияланған болатын, - деп мысал келтірді К.Мәсімов.

«Әр түрлі компаниялар арасында тендерді жеңіп алуға күрес жүріп жатыр. Қаржы министрлігінің біртұтас архитектурасы негізінде келесі қадам жасай алатындай даму деңгейіне жеттік деп есептеймін. Біз «ия» деп айтамыз, IT-секторына инвестицияның тартылуын қолдаймыз. Соның ішінде жаңа технологиялар паркі негізінде – бұл жоба жалғасын табуда. Оған ресурстар салуды да жалғастырудамыз. Сондай-ақ, жеке меншік сектор жәрдемімен ақпараттық технологиялар паркі базасында IT-университет құрылатын болады. Бұл бағыт аса маңызды және перспективалы, - деп үкімет басшысы сөзін дәйектеген болатын.
IT-индустрияның дамуы аса тез қарқынмен жүріп жатыр, сондықтан қазақстандық осы сала өкілдеріне алға жылжу қажет,- деп ол еске сала кеткен болатын. «IT-индустрияның өзінен басқа, дайындық, кадрларды қайта дайындау, IT-мамандарды тарту керек, - деп К.Мәсімов қоса кетті.

http://www.profit.kz/news/005203/

Print This Post