Қаз| Рус| Eng


KAITK басшысы жоғары деңгей ұлттық домендерінің әкімшілері мен тіркеушілерінің ІІ Халықаралық конференциясына қатысты

KAITK басшысы жоғары деңгей ұлттық домендерінің әкімшілері мен тіркеушілерінің ІІ Халықаралық конференциясына қатысты
Блед қаласында, Словения, 7-8 қыркүйекте ТМД елдеріндегі, Орта және Шығыс Еуропадағы жоғары деңгей ұлттық домендерінің әкімшілері мен тіркеушілерінің екінші Халықаралық конференциясы өтті.

ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) бүкіл әлемдік ұйымының қатысуымен конференцияны ұйымдастырушылар келесілер болды: RU домен бағыттау орталығы (Ресей ұлттық тіркеу орны); Словенияның академиялық -зерттеу желісі (Словенияның ұлттық доменінің әкімшісі.SI); «Словения» интернет-қауымдастығы (Словенияда Интернеттің дамуына қол ұшын беретін коммерциялық емес ұйым).

Бұл жолы конференцияға әлемнің 25 елінен 70 қатысушы келді, оның ішінде .KZ жоғарғы деңгейінің домендік атауының әкімшісі - ІТ-компаниясы Қазақстандағы бірлестігінің (www.itk.kz) президенті Нұрлан Исин. Конференцияның екі күндік бағдарламасы өте мазмұны болды. Баяндамашылар Интернетті басқару, IDN-ді енгізу, желіні құқықтық реттеу, мемлекет пен интернет-тіркеу орындары арасындағы мүдделер балансы мәселелерін және одан да басқа көптеген қызықты тақырыптарды қозғай алды..

Конференцияны Словенияның білім, ғылым және технология министрі Николай Симич (Nikolaj Simic) ашты. Ресей және Словенияның ұлттық тіркеу орындарының өкілдері - RU домен Бағыттау орталығының директоры Андрей Колесников және Словенияның Академиялық-Зерттеу Желісінің (ARNES) директоры Барбара Повз (Barbara Povse), және де «Словения» интернет-қауымдастығының (ISOC-SI) директоры Борка Жерман Блазич (Borka Jerman Blazic) құттықтау сөз айтып, өздерінің қызметі туралы қысқаша шолу жасады.

Конференцияның бірінші күні интернет-маркетингке және ұлттық домендерді алдыға жылжытуға, интернетті басқару мәселелеріне, және де әлемнің әр қилы елдеріндегі IDN домендерін енгізу мәселесіне арналды.
Тереза Свайнхарт (Theresa Swinehart), ICANN-ның вице-президенті тыңдаушылар назарына Governmental Advisory Committee (GAC) қызметінің шолуын ұсынды да, АҚШ сауда департаментімен Joint Project Agreement (JPA) ұзарту мәселелеріне қатысты ICANN-ның позициясы туралы айтты. Ол Интернет артықшылық принципі бойынша құрастырылған деген пікір айтты және осыған байланысты ешкімнің белгілі бір «қызыл кнопка» арқылы Интернеттегі белгілі бір нәрсені өшіруге мүмкіндігі жоқ деді. Сондықтан шындығында АҚШ Интернеттен ештеңені өшіріп тастай алмайды. «Менің ойымша, - деді Т.Свайнхарт, - егер АҚШ Интернеттегі белгілі бір нәрсені өшіру амалын жасаса – бұл олар үшін саяси күйреу болады». Осыдан кейін сөз сөйлеген бір қатар сарапшылардың жалпылаған пікірін келесідей деуге болады: Интернет желісіндегі ақпараттар пакетінің жіберілуін белгілі бір елдің аймағында тоқтату осы елдің шекарасынан тыс тұрған ешкімге де мүмкін емес. Сондықтан, Интернеттің ұлттық сегменттерін өшіретін ешқандай «қызыл кнопка» АҚШ-та да, басқа бір елде де жоқ.

IDN енгізуге қатысты тақырып бойынша қызықты презентациямен конференцияда Вени Марковски – Ресей және ТМД елдері бойынша ICANN өкілі сөз сөйледі. Соңында, үрдіс барысында қызығушылық танытқан конференция қатысушылары IDN-ді Fast Track рәсімі бойынша алуға қатысты және жоғары деңгейдің жаңа домендерін енгізу мерзімдері туралы маңызды сауалдарына жауап алды, және де, осы халықаралық домендік кеңістікті ұйымдастырудың принципиалды түрде күрделі және жаңа құрылымының көп деңгейлі құрылысына тікелей қатысты барлық қажетті түсініктемелерді ала алды.

RU домен Бағыттау орталығының директоры – Андрей Колесников, конференцияда РФ. доменін құру бағдарламасын ұсынды. Бағыттау орталығының жоспарында қазіргі таңда келесі мерзімдер тұр: тауарлық белгілерге қатысты ерекше құқықтарына иеленушілерге .РФ домендерінде басымды тіркелу 2009 жылдың қарашасы – 2010 жылдың наурызына белгіленген; sunrise-кезеңді 2010 жылдың сәуірінде іске қосу жоспарланады, ал ашық тіркелу 2010 жылдың шілде-тамызына белгіленген. Колесников та .РФ құрастыру бойынша жоба кезеңдерінің толық жоспарын ұсынды, және де оны көпшілікке таратудың бағдарламасы туралы айтты да, жаңа кирилликалық домен негізделетін технологиялық платформаны сипаттады.

Йоук Браекен (Joke Braeken), EURid, және Даниель Калчев (Daniel Kalchev), Register.BG, өз презентацияларында IDN-ді европалық (.EU) және осыған сәйкес болгар (.BG) ұлттық домендеріне енгізу жоспарларымен және тәжірибелерімен бөлісті.

Екінші күні конференцияда домендік атаулардың екіншілік нарығының мәселелері, жоғары деңгейдегі ұлттық домендерді тіркеу орындары мен тіркеушілердің алдында тұратын құқықтық мәселелер, интернет-тіркеу орындары және мемлекет арасындағы мүдделер балансына қатысты мәселелер, және де ұлттық тіркеу орындарының DNS жүйесінің сенімділігін қолдау мәселесіндегі рөлі талқыланды.

.KZ жоғарғы деңгейінің домендік атауының әкімшісі - ІТ-компаниясы Қазақстандағы бірлестігінің (KAITK, www.itk.kz) президенті Нұрлан Исин — әріптестеріне тіркеу орындарының Қазақстандағы жүйесін ұсынды, техникалық тіркеуші – желілік ақпараттың Қазақ орталығының (KazNIC, www.nic.kz) сәтті қызметі туралы айтып берді. Бүкіл әлемдік торды реттеу саласындағы соңғы тенденцияларды есепке ала отырып Н.Исин Интернет желісін реттеуге қатысты қазақстанның нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпарат берді, жекелеп айтқанда 24 маусым 2009 жылы 15 заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударды. Толық әр бір енгізілген өзгеріс туралы айтып, Исин мырза баспасөздің әр тектес түсініктерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ұсыныстарын және Қазнет аймағында домендерді тіркеу статистикасын айтып өтті (тіркеуді уақытша тоқтату/ алып тастау жағдайларын есепке алып).

Сонымен қатар, аудитория Словенияның білім, ғылым және технология министрлігінің өкілі Давора Состаричтің (Davor Šoštarič) презентациясы, және де GAC-тағы Словения өкілінің презентациясы.ерекше белгіледі. Өз презентациясында ол Словенияның ұлттық тіркеу орны мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сұлбасын сәтті көрсете алды.

Конференцияның салтанатты жабылуында шараның басты ұйымдастырушысы - RU домен Бағыттау орталығының – директоры Андрей Колесников барлық жиналған қауымға қызықты презентациялары мен баяндамалары үшін алғысын айтты, және де ТМД елдеріндегі, Орта және Шығыс Еуропадағы жоғары деңгей ұлттық домендерінің әкімшілері мен тіркеушілерінің Халықаралық конференциясын өткізу тәжірибесі жүйелі болады деген сенімін білдірді.
Материал конференцияның ресми сайты Прайм-Тасс материалдарын және өзіндік материалды пайдалану арқылы дайындалды.

http://www.itk.kz/node/394

Print This Post